Баспасөз орталығы

Азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бойынша білім беру платформасының әзірленуі аяқталып жатыр

Қаңтар айында елімізде орын алған жағдайды ескеретін болсақ, тергеу әрекеттерін іске асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері өте маңызды.

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған білім беру онлайн-платформасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылмақ және азаптауларға ұшыраған адамдарға жаппай заң көмегін көрсету қажеттілігімен айқындалған. Жаңа цифрлық жобаның ең басты мақсаттарының бірі — білім беру бағдарламасын ұйымдастыру арқылы Қазақстан азаматтарына қатысты азаптаулармен және құқық қорғау органдарының тарапынан басқа да заңсыз әрекеттермен күресу.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі полиция қызметкерлеріне арналған, екіншісі — азаптауларға ұшыраған адамдарға. Оқу цифрлық платформада өтетін болады, бірыңғай ресурста азаматтардың құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық құралдарының тетіктері, аталған қылмыс үшін жауапкершілік туралы ақпарат орналастырылады. Сондай-ақ пайдаланушылар елдегі танымал адвокаттардың заң көмегіне тегін қол жеткізе алады. Цифрлық платформаға сайт, мобильді қосымша, чат-боттар, сондай-ақ «Онлайн-заң клиникасы» қызметтері кіреді, яғни, азаматтарға заңгерлердің тегін консультациясы беріледі және шұғыл психологиялық көмек құралдары ұсынылады.

«Бейнесабақтардың топтамасы, сондай-ақ құқықтарды қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, заң құжаттарының үлгілері (талап арыз шағымдары, арыздар) ашық қолжетімділікте ұсынылатын болады. Жобаның аясында қоғамда кең ақпараттық науқан жүргізілетін болады. Осылайша, біз жауапты мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы азаптаулардың фактілеріне назар аударуды жоспарлаймыз. Сонымен бірге азаматтардың өздерінің бұзылған құқықтарын заңды қорғау тәсілдері туралы құқықтық хабардарлығы арта түседі», — деп айтты жобаның үйлестірушісі Мирхат Серікбаев.

Онлайн-платформада тыңдаушыларға ұсынылатын барлық ақпарат ұсынымдық сипатты қамтитын болады және оның коммерциялық мақсаты болмайды. Жобаға АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасы аясында Еуразия Қоры қолдау көрсетіп жатыр.

Дереккөз: https://profit.kz/news/63768/Zavershaetsya-razrabotka-obrazovatelnoj-platformi-po-zaschite-zakonnih-prav-grazhdan/
2022-07-20 09:02 Біз туралы БАҚ