Баспасөз орталығы

Қазақстанда алғаш рет азаматтардың заңды құқықтарын қорғау үшін әмбебап білім беру цифрлық платформасы пайда болады

Азаптауларға ұшыраған адамдарға құқықтық қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған, Қазақстанда баламасы жоқ білім беру цифрлық платформасын іске қосу ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоспарланып отыр.

Бүкіл әлем қауымдастығын дүр сілкіндірген еліміздегі қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Азаптау сияқты ортағасырлық құбылыстарды жоюдың» маңыздылығын атап өтті. Елбасы «Қазіргі таңда қоғам тарапынан ең көп талап етілетін талаптар – заңды қатаң сақтау болып табылатынын» атап өтіп, Бас прокуратураға қаңтар оқиғасының нәтижелерін жан-жақты тексеру бойынша ауқымды тапсырмалар жүктеді. Осы тұрғыдан алғанда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заңның үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігі маңызды болып қала береді. Мәселен, Қазақстан Бас прокуратурасының ресми деректеріне сәйкес, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаға байланысты прокуратура органдарына азаптау, қатыгездік көрсету және «заңсыз тергеу әдістері» туралы 301 арыз келіп түскен, олар бойынша 243 қылмыстық іс қозғалған.
Бірқатар тәуелсіз құқық қорғау ұйымдарының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта азаптау немесе басқа да қатыгездік түрлеріне қатысты айыптаулар бойынша тек 9 шенеуніктің ұсталғаны белгілі. Азаптауды қолданды деген күдікке ілінген немесе айыпталған лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі алдын алу шараларын қолдану туралы мәліметтер жоқ. Себебі, азаптау немесе қатыгездік құрбандарының көпшілігі түрмеде болған кезде шағым беру механизмдеріне қол жетімділігі шектелген немесе өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін мүлдем білмеген. Жәбірленушілер арыз бере алатын жағдайларда олар сотқа дейінгі тергеу-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелмеген.

Іске асырылып жатқан жобаның негізгі мақсаттарының бірі – білім беру бағдарламасын ұйымдастыру арқылы Қазақстан азаматтарына құқық қорғау органдарының азаптау немесе өзге де заңсыз әрекеттерімен күресу.

Бағдарлама екі бөдімнен тұрады: бірінші бөлім полиция қызметкерлеріне бағытталған, келесі бөлімі азапталған адамдарға арналған. Оқу цифрлық платформада өтіп, азаматтардың құқықтарын қорғау механизімінде ұлттық және халықаралық құралдары, осы қылмыс үшін жауапкершілік, сонымен қатар еліміздің жетекші заңгерлерінің заң көмегіне тегін қол жеткізу туралы ақпараттар бірыңғай ресурста орналастырылатын болады. Цифрлық платформада «Азаптамау құқығы» білім беру курсы орналастырылатын веб-сайт, мобильді қосымша, чат-боттар, сонымен қатар азаматтар «Онлайн-заң клиникасы» тегін заңгерлік кеңес қызметтері мен шұғыл психологиялық көмек көрсету құралдарына қол жеткізе алады.
- Бейне сабақтар топтамасы, құқықтарды қорғау бойынша нұсқаулықтар, құқықтық құжаттардың үлгілері (арыздар, шағымдар) көпшілік назарына ұсынылады. Жоба аясында қоғамда кеңінен ақпараттық науқан жүргізілмек. Осылайша, біз жауапты мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың назарын Қазақстандағы азаптау фактілеріне аударуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғаудың құқықтық әдістері туралы құқықтық санасы артады, – дейді жоба үйлестірушісі Мирхат Серікбаев.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаптау фактілерінің алдын алу, цифрлық платформаны дамытудың жеке бағыты болмақ.
– Еліміздің жетекші заңгерлері мен қорғаушылары мамандандырылған білім беру курсын оқитын болады. Семинар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Адам құқықтары Омбудсменімен бірлесіп ұйымдастырылады, - деп хабарлады Independent Research Institute Expert қоғамдық қоры.

Платформада ұсынылатын барлық ақпарат тыңдаушыларға ұсынымдық сипатта болатынын және коммерциялық негізге ие болмайтынын атап өтеміз.
 
Анықтама үшін:
 
Бұл жоба Еуразия Қорының қолдауымен АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму нәтижелеріне қол жеткізудің катализаторы. Қосымша ақпарат алу үшін USAID Орталық Азия веб-сайтына және Facebook парақшасына кіріңіз.

Тел. анықтамалар үшін +7 701 222 8066
Мирхат Серікбаев, жоба үйлестірушісі.

Дереккөз: https://online.zakon.kz/Document/doc_id=32752301&pos=4;-56#pos=4;-56
2022-07-29 18:00 Біз туралы БАҚ