Баспасөз орталығы

Қазақстандағы азаптауларға қарсы іс-қимыл – құқық қорғау органдарының семинарындағы өзекті мәселе

Динара АРХАРОВА, Астана
«Expert Independent Research Institute» ҚҚ Астана қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін «Қазақстандағы азаптауларға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты тақырыпқа арналған білім курсының презентациясын өткізді. Бұл іс-шараға Бас Прокуратураның, Азаптауларға қарсы коалицияның өкілдері, журналистер және танымал қазақстандық құқық қорғаушылар қатысты.
Семинардың басты мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қазақстандықтарды азаптау фактілерінің алдын алу.
Семинар аясында ҚАЖК және БАҚ өкілдеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу саласында адамның құқықтарын қорғау бойынша жуырда қолданысқа енген заң жобласын іске асыруға қатысты толық ақпарат ұсынылды.

Құқық қорғау қорының және бірқатар халықаралық ұйымдардың сарапшылары білім беру курсының тыңдаушыларымен және баспасөз өкілдерімен осы жұмыстың бағыты бойынша түсіндірме беріп, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Семинарды «Цифрлық құралдар арқылы азаптауларға ұшыраған адамдардың құқықтарын қорғау» жобасының сарапшылары ұйымдастырды. Бұл қызметтің бағыты АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасы аясында Еуразия қорының қолдауымен іске асырылуда.

Жоба авторларының пайымдауынша, мамандандырылған білім беру дәріс курсын өткізу ҚР құқық қорғау органдарының тарапынан қазақстандықтардың азаматтық құқықтарын сақтау процесіне серпін береді.

Шараға қатысушылардың арасында:
1) Әдембаев Дулат – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ұлттық алдын алу тетігі секторының бас инспекторы;
2) Накишев Нұрлан – ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіби оқу институтының қылмыстық қуғындау және жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы;
3) Чернобиль Татьяна – заңгер, адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық жөніндегі тәуелсіз консультант;
4) Молчанов Сергей – медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, ҚР Азаптауларға қарсы ҮЕҰ коалициясының мүшесі, Ұлттық алдын алу тетігінің Павлодар облысы бойынша қатысушы;
5) Аманжолова Ботагөз – Қарағанды облысы бойынша қоғамдық байқау комиссиясының төрайымы, заң ғылымдарының кандидаты, Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры.

Бас Прокуратураның өкілдерімен, Адамның құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсменмен, Азаптауларға қарсы коалициямен бірлесіп семинарға шақырылған жетекші сарапшылардың – елдегі танымал қазақстандық құқық қорғаушылардың, заңгерлердің және адвокаттардың арнайы білім беру дәріс курсын өткізуі Қазақстанның құқық қорғау органдарының тарапынан қазақстандықтардың азаматтық құқықтарын сақтау процесінің маңызды бөлігіне айналады.

Дереккөз: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=35447752&pos=6;-109#pos=6;-109
2022-12-05 11:32 Біз туралы БАҚ