Азаптауларға ұшыраған адамдардың құқықтарын қорғау
Жоба жайлы
Жобаның серіктестері
Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Орталық Азиядағы әлеуметтік бастамалар» бағдарламасы аясында Евразия Қорының қолдауымен іске асырылюда
Азаптау деген не?
Азаптау – адамның денесіне қатты зақым келтіру немесе азап шектіру үшін қасақана жасалатын әрекет. Азаптаулар қандай да бір адамға одан немесе үшінші адамнан мәлімет немесе мойындау алу, ол немесе үшінші адам жасаған немесе жасағанына сезік келтірілген әрекетіне оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды қорқыту немесе мәжбүрлеу үшін қолданылады.

Азаптау кез-келген сипаттағы кемсітушілікке негізделген қорқытудың не мәжбүрлеудің бір тәсілі болып табылады және оны мемлекеттік лауазымды тұлға немесе ресми түрдегі басқа да адам біреудің азғыруымен немесе келісімімен немесе үнсіз келісу бойынша келтіреді.
Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияның 1-бабы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1984 жылғы 10 желтоқсандағы № 39/46 қарарымен қабылданды.
Заңгермен және психологпен байланысу үшін
Егер сіз өзіңіз немесе жақын адамыңыз азаптауларға ұшыраған болсаңыз, көмек алу үшін біздің ұйымға өзіңізге ыңғайлы кез келген әдіспен хабарласуыңызға болады. Біздің мамандар азаптауларға байланысты проблемаларыңызды тегін шешуге көмектеседі.
Қор туралы ақпарат
Expert Independent Research Institute қоғамдық қоры – бұл заңтану және адам құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибелі, тәуелсіз құқық қорғаушылар-сарапшылардың командасы. Қор Қазақстан Республикасының әділет органдарында 2019 жылдың 2 қазанында тіркелді.
2020 жылы біз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «Өз құқықтарыңды қорғау» https://nasilyunet.kz/ деп аталатын білім беру жобасын іске қостық.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ресми деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты прокуратура органдарына азаптау, қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын iс-әрекеттер және "заңсыз тергеу әдістері" туралы 301 өтініш түскен, осы шағымдар бойынша 243 қылмыстық іс қозғалды.

Азаматтардың азаптаулар туралы шағымдарының саны көбейген соң Expert Independent Research Institute қоғамдық қорының сарапшылары Цифрлық білім беру платформасын құру туралы шешім қабылдады. Бұл платформада кез келген адам танымал адвокаттардың, құқық қорғаушылары мен халықаралық сарапшылардың азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша қажетті ақпаратты ала алады.
Біз туралы БАҚ
Осы сайт АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын "Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар" бағдарламасы аясында Еуразия Қорының қолдауымен әзірленді.

Сайттағы ақпараттың шығарылуына АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы Америка халқының көрсеткен көмегі септігін тигізді. Сайттың мазмұнына Expert Independent Research Institute жауапты, бірақ ол USAID немесе АҚШ Үкіметінің көзқарасын білдірмеуі мүмкін.
Мәзір
Контактілер
KZ
«Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарының азаптауларға қарсы коалициясы» шұғыл желі
«Expert Independent Research Institute» қоғамдық қоры.
Азаптауларға ұшыраған және заңсыз ұсталған адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі білім беру жобасы.
2023 ж © Барлық құқықтар қорғалған.
Close
Cұрақ қою
Жіберу түймешігін басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге келісесіз Құпиялық саясатымен