Expert Independent Research Institute қоғамдық қоры
Қор туралы ақпарат
Expert Independent Research Institute қоғамдық қоры – бұл заңтану және адам құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибелі, тәуелсіз құқық қорғаушылар-сарапшылардың командасы. Қор Қазақстан Республикасының әділет органдарында 2019 жылдың 2 қазанында тіркелді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ресми деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты прокуратура органдарына азаптау, қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын iс-әрекеттер және "заңсыз тергеу әдістері" туралы 301 өтініш түскен, осы шағымдар бойынша 243 қылмыстық іс қозғалды.
Азаматтардың азаптаулар туралы шағымдарының саны көбейген соң Expert Independent Research Institute қоғамдық қорының сарапшылары Цифрлық білім беру платформасын құру туралы шешім қабылдады. Бұл платформада кез келген адам танымал адвокаттардың, құқық қорғаушылары мен халықаралық сарапшылардың азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша қажетті ақпаратты ала алады.
Жобаның командасы
Мирхат Серікбаев
Қор директоры, заң ғылымдарының кандидаты
Әсел Құсанова
Заңгер
Айнель Бисингалиева
Бухгалтер
Руслан Кабиев
Үйлестіруші
Мирхат Серікбаев
Қор директоры, заң ғылымдарының кандидаты
Асель Кусанова
Заңгер
Айнель Бисингалиева
Бухгалтер
Руслан Кабиев
Үйлестіруші
Курстың сарапшылары
Адвокат
Балғабаева Жанар
облыстық Алматы адвокат алқасының адвокаты, «Әділет-АР» ЗК...
Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, «Әділет- АР» ЗК, адвокат-құқық қорғаушы, адамдардың құқықтарын қорғайтын отандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен жұмыс жасайды.
РАNA құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділердің қауіпсіздігі және оларды қорғау мәселелері жөніндегі коалицияның мүшесі-қатысушысы болып табылады.
Адвокат, Павлодар облысы адвокаттар алқасының мүшесі. Азаптаулар, үйдегі және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын белсенді қорғайды. Сотқа дейінгі тергеу сатысында, сондай-ақ барлық инстанциялардағы соттарда заң көмегін көрсетеді. Адвокаттардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық адвокаттар алқасының мүшесі болып табылады. БАҚ-тағы бірқатар мақалалардың авторы, 12 жылдан бері БАҚ-та азаптау құрбандарын қорғау мәселелерін көтереді. Қазақстанның азаптауларға қарсы коалициясының мүшесі.
Заңгер, адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық бойынша тәуелсіз консультант (Алматы қ., Қазақстан), адамдарды кемсітпеу, азаптаулардан еркіндік, жеке өмірге деген құқық, әділетті сотқа деген құқық, адамдардың құқықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері және басқа да мәселелермен айналысады. Тәуелсіз консультант ретінде тренингтерді өткізеді, сараптамалық қорытындыларды дайындайды, баяндама жасайды.
Татьяна – «Әділет» Жоғарғы құқық мектебінің түлегі, Алматы қ., Қазақстан; Нотр-Дам Университетінің Заң факультетінің Азаматтық және саяси құқықтар орталығының адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық магистрі, Саутбенд қаласы, Индиана штаты, АҚШ. Азаптауларға қарсы Қазақстан ҮЕҰ коалициясының сарапшысы, Цифрлық құқықтар жөніндегі сараптамалық топтың мүшесі, "Human Rights Consulting Group" ҚҚ Қамқорлық кеңесінің мүшесі (Қазақстан), 2014 және 2015 жылдары Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы болған.
Заң ғылымдарының кандидаты, «Кадiр-касиет» ҚҚ директоры, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесінің мүшесі.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы сараптамалық кеңестің мүшесі.
БҰҰ Комитеттеріне келесі өтініш берушілердің өкілі: 1) Олег Евлоев 2) Дмитрий Тян 3) Жасулан Сулейменов 4) Зинаида Мухортова 5) Берик Жагипаров 6) Лукпан Ахмедьяров 7) Тимур Ильясов 8) Дмитрий және Әшім Рақышевтер және басқалар.
«Human Rights Consulting Group» ҚҚ директоры, Құқық қорғаушылардың жаңа буыны коалициясының үйлестірушісі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесінің мүшесі.
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры, Азаптауларға қарсы Қазақстан ҮЕҰ коалициясының үйлестірушісі.
Заңтану бакалавры. 2012 жылдан бастап Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы қоғамдық бірлестігінде құқық қорғау қозғалысының және Азаптауларға қарсы Қазақстан ҮЕҰ коалициясының командасында. Азаптау құрбандарына және олардың отбасы мүшелеріне құқықтық көмек көрсетеді, консультация беруден бастап кейінгі сүйемелдеумен, адамдарды кемсітпеу мәселелерімен айналысады, атап айтқанда, соттарда мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін білдіреді. 2016-2018 жж. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы болды. 2020 жылдан бастап Ұлттық және халықаралық құқықтық қорғау құралдары орталығының үйлестірушісі болып табылады.
Азаматтық құқық қорғаушы, "Қазақстандағы азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі азаматтық бастама" жобасының қатысушысы, журналист-блогер, «FrontLine» халықаралық қорының мүшесі.
Жобаның серіктестері
Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Орталық Азиядағы әлеуметтік бастамалар» бағдарламасы аясында Евразия Қорының қолдауымен іске асырылюда
Осы сайт АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын "Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар" бағдарламасы аясында Еуразия Қорының қолдауымен әзірленді.
Сайттағы ақпараттың шығарылуына АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы Америка халқының көрсеткен көмегі септігін тигізді. Сайттың мазмұнына Expert Independent Research Institute жауапты, бірақ ол USAID немесе АҚШ Үкіметінің көзқарасын білдірмеуі мүмкін.