Дербес деректерді өңдеу саясаты
Осы дербес деректердің құпиялылығы және оларды өңдеу саясаты Expert Independent Research Institute қоғамдық қоры (бұдан әрі – Оператор) сайтының дербес және басқа да деректерді өңдеу мен пайдалану тәртібін реттейді. Осы Құпиялылық саясатының қолданыстағы редакциясы Интернет желісінде https://www.pytkamnet.kz/privacy мекенжайы бойынша орналастырылған және танысу үшін үнемі қолжетімді.

Пайдаланушы Сайт арқылы Операторға дербес және басқа деректерді бере отырып, көрсетілген деректерді осы Құпиялылық саясатында көзделген шарттардың негізінде пайдалануға өз келісімін растайды. Егер Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатының ережелерімен келіспесе, ол Сайттың қолданылуын тоқтатуға міндетті.

Пайдаланушының Сайтты пайдаланып бастауы осы Құпиялылық саясатының шартсыз акцепті болып табылады.

1.ТЕРМИНДЕР
1.1. Сайт – Интернет желісінде https://www.pytkamnet.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан сайт. Сайтқа және оның жекелеген элементтеріне барлық айрықша құқықтар (бағдарламалық қамтылымды, дизайнды қоса алғанда) толық көлемде Операторға тиесілі. Пайдаланушыға айрықша құқықтарды беру осы Құпиялылық саясатының нысанасы болып табылмайды.
1.2. Пайдаланушы — Сайтты пайдаланатын адам.
1.3. Заңнама — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.
1.4. Дербес деректер — Пайдаланушының дербес деректері, Пайдаланушы оларды тіркелген кезде немесе Сайттың функционалын пайдалану кезінде өзі ұсынады.
1.5. Деректер — Пайдаланушы туралы басқа деректер (дербес деректер ұғымына кірмейтін).
1.6. Тіркеу — қажетті мәліметтерді көрсету арқылы Пайдаланушының Сайтта орналасқан нысанды толтыруы.
1.7. Қызмет(тер) — Оператор келісім негізінде ұсынатын қызметтер.

2. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
2.1. Оператор қызметтерді көрсету және Пайдаланушымен өзара іс-қимыл үшін өзіне қажетті дербес деректерді ғана жинайды және сақтайды.
2.2. Дербес деректер мынадай мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:
2.2.1 Пайдаланушыға қызмет көрсету;
2.2.2 Пайдаланушыны сәйкестендіру;
2.2.3 Пайдаланушымен өзара іс-қимыл;
2.2.4 статистикалық және басқа да зерттеулерді жүргізу;
2.3. Оператор, оның ішінде мынадай деректерді өңдейді:
2.3.1 тегі, аты және әкесінің аты;
2.3.2 электрондық поштаның мекенжайы;
2.3.3 телефон нөмірі (оның ішінде, мобильді).
2.4. Пайдаланушыға Сайтта үшінші тұлғалардың дербес деректерін көрсетуге тыйым салынады (осы тұлғалардың мүдделерін білдіру жағдайларын қоспағанда, бұл ретте үшінші тұлғалардың мұндай әрекеттерді іске асыруға рұқсатын растайтын құжаттар болу керек).

3. ДЕРБЕС ЖӘНЕ БАСҚА ДА ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ТӘРТІБІ
3.1. Оператор дербес деректерді «Дербес деректер туралы» Заңына және Оператордың ішкі құжаттарына сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
3.2. Пайдаланушының дербес және басқа да деректеріне қатысты, көрсетілген деректер жалпыға қолжетімді болу жағдайларын қоспағанда, олардың құпиялылығы сақталады.
3.3. Оператор Дербес деректердің архивтік көшірмесін сақтауға құқылы. Оператор Дербес деректерді және деректерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан серверлерде сақтауға құқылы.
3.4. Оператор Дербес деректерді және Пайдаланушының деректерін Пайдаланушының келісімінсіз мынадай тұлғаларға беруге құқылы:
3.4.1 мемлекеттік органдарға, оның ішінде анықтау және тергеу органдарына және дәлелді сұрау салуы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарына;
3.4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген басқа да жағдайларда.
3.5. Оператор Дербес деректерді және басқа да деректерді осы Құпиялылық саясатының 3.4-тармағында көрсетілмеген үшінші тұлғаларға мынадай жағдайларда беруге құқылы:
3.5.1 Пайдаланушы мұндай әрекеттерге өз келісімін білдірген;
3.5.2 бұл деректерді Пайдаланушының Сайтты пайдалануы немесе Пайдаланушыға қызметтерді көрсету аясында беру қажет;
3.6. Оператор Дербес деректер мен басқа да деректерді автоматтандырылған түрде өңдеуді жүзеге асырады.

4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
4.1. Оператор Заңнамаға сәйкес дербес және басқа да деректерді тиісінше қорғауды жүзеге асырады және Дербес деректерді қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
4.2. Қолданылатын қорғау шаралары Дербес деректерді заңсыз не кездейсоқ жария етуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшірмелеуден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың олармен жасайтын басқа да заңсыз әрекеттерінен қорғауға мүмкіндік береді.

5. БАСҚА ЕРЕЖЕЛЕР
5.1. Осы Құпиялылық саясатына және Пайдаланушы мен Оператор арасында Құпиялылық саясатын қолдануға байланысты туындайтын қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
5.2. Осы Келісімнен туындайтын барлық ықтимал даулар Оператордың тіркелген жері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілуге жатады. Пайдаланушы сотқа берместен бұрын міндетті сотқа дейінгі тәртіпті сақтауға тиіс және Операторға жазбаша түрінде тиісті шағымды жолдауға тиіс. Шағымға жауап беру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күні құрайды.
5.3. Егер сол не басқа бір себептер бойынша Құпиялылық саясатының бір не бірнеше ережесі жарамсыз не болмаса заң күші жоқ деп танылған жағдайда бұл Құпиялылық саясатының қалған ережелерінің жарамдылығына не қолданылуына әсер етпейді.
5.4. Оператор кез келген сәтте Құпиялылық саясатын (толықтай не кейбір бөліктерін) Пайдаланушымен алдын ала келіспей біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Барлық өзгерістер Сайтта орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
5.5. Пайдаланушы жаңа редакциясымен танысу арқылы Құпиялылық саясатына енгізілген барлық өзгерістерді өзі бақылауға міндеттенеді.
5.6.Осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныстарды немесе сұрақтарды instituteeir@gmail.com электрондық поштасы бойынша хабарлау қажет.
Осы сайт АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын "Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар" бағдарламасы аясында Еуразия Қорының қолдауымен әзірленді.

Сайттағы ақпараттың шығарылуына АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы Америка халқының көрсеткен көмегі септігін тигізді. Сайттың мазмұнына Expert Independent Research Institute жауапты, бірақ ол USAID немесе АҚШ Үкіметінің көзқарасын білдірмеуі мүмкін.
Мәзір
Контактілер
KZ
«Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарының азаптауларға қарсы коалициясы» шұғыл желі
«Expert Independent Research Institute» қоғамдық қоры.
Азаптауларға ұшыраған және заңсыз ұсталған адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі білім беру жобасы.
2023 ж © Барлық құқықтар қорғалған.